Сенім телефоны
8-(7182)22-04-10
email: sosh20@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ак. Чокина к., 159/4
8-(7182)22-04-10
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 15.00-17.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Әскери әндерден байқау- жарыс
10-05-2013 10:25
Әскери әндерден байқау- жарыс

 

№20 лицей- мектебінде 2013 жылдың 8 мамырында  әскери әндерден байқау- жарыс  болып өтті. Аталған мерекеге Шафер Үйінен қонақтар шақырылды. Алғашқы құттықтау  сөз берілген  мектеп директоры  Г.Т.Топанова барлық жиналған қауымды Жеңіс күнімен құттықтап, аспанымыз ашық болуына тілектестігін білдірді.  Одан әрі құттықтау сөз ШаферҮйінің директоры  Корешкова  Татьяна Сергеевнаға беріліп, ол да барлығын Жеңіс күні мерекесімен құттықтап, Ұлы Отан соғысының ардагерлері туралы еске алу кітабын жазуға қатысуға шақырды. Салтанатты линейкадан кейін барлық жиналғандар  Ұлы Отан соғысында қайтыс болғандарды еске алу үшін бір минуттік үзіліс жасады.      Салтанатты мереке әскери әндер байқау- жарысына жалғасты. Әр сынып өздері дайындаған әскери әндерін нақышына келтіре орындады. Бұл байқаудың шарты- сынып безендіру және әскери әндер мен қабырға газетін дайындау болды.