Сенім телефоны
8-(7182)22-04-10
email: sosh20@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ак. Чокина к., 159/4
8-(7182)22-04-10
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 15.00-17.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Назар аударыңыз! «Мектепке жол» акциясы.
30-07-2013 08:42
Назар аударыңыз!  «Мектепке жол» акциясы.

Құрметті қала тұрғындары!

Жаңа 2013 – 2014 оқу  жылын ұйымдастыру мақсатында ағымдағы жылдың 1 тамызынан 30  қыркүйегі дейін  республика бойынша «Мектепке жол» атты акция өткізу жарияланды. Аз қамтамасыз етілген отбасылар мен көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балалар мен ата – анасының қамқорлығынсыз қалған оқушы балаларға мектепке барар дайындық кезінде демеу жасау, киім-кешектің, аяқ – киімнің, кеңсе тауарларының және т.б. заттардың жоқтығынан  мектепке келмей қалудың алдын алу  акцияның мақсаты болып табылады.

Мектеп жасындағы барлық балалар 1 қыркүйекте мектеп парталарына отырулары тиіс.

Қала тұрғындарының барлығын осы акцияға қатысуға шақырамыз.

Қайырымдылық көмек нақты отбасыға, балаға, мектепке берілуі мүмкін.

 

Телефоны - 573506