"Қазіргі кездегі тіл мәселесі" дөңгелек үстел отырысы
Тілдер айлығының аясында №20 лицей-мектебімізде 10-11 қазақ сыныптары арасында "Қазіргі кездегі тіл мәселесі" атты дөңгелек үстел отырысы өтті. Тақырыпқа байланысты оқушылар тіл мәселесін қозғап, жақтаушы және даттаушы болып бөлініп, жан-жақты қарастырды.Дөңгелек үстелдің өткізілу мақсаты оқушыларды өз тілін құрметтеуге, сақтауға, шығу тарихын білуге үйрету.