Тұңғыш Президент күнін және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін тойлауға орайластырылған іс-шаралар аясында Инновациялық Еуразия университетінде «Елбасы. XXI ғасыр» тақырыбында ашық дәріс өтті.
Дәріс басталар алдында бірінші проректор-инновациялық даму жөніндегі проректор ветеринария ғылымдарының докторы, профессор Е.Б. Никитин құттықтау сөз сөйледі.
Философия ғылымдарының докторы «Тарих, география және әлеуметтік пәндер» кафедрасының профессоры, «21-ғасырдағы мәдениет және әлем» ғылыми орталығының директоры Г.К. Билялова өз дәрісінде Президент тұлғасының мемлекетіміздің қалыптасуындағы ролі туралы айтты.
Дәріс тыңдаушылары, университет студенттері және № 20 лицей-мектебінің оқушыларүшін университетіміздің ғылыми кітапханасы ҚР тұңғыш Президентінің өмірі мен қызметі туралы кітап көрмесін ұйымдастырды.