Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8-(7182)22-04-10
email: sosh20@goo.edu.kz
Адрес: Ак. Чокина к., 159/4
8-(7182)22-04-10
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі 15.00-17.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Сабақтың инновациялық бағыты
01-02-2014 08:35
Сабақтың инновациялық бағыты

   Әлемдік білім кеңістігінің даму тарихы оның кезеңдегі айқындаған тенденциялары әр халықтың гүлденіп өркендеуінің, қоғамдағы прогрессивтік өзгерістердің білімге байланыстылығын,  білім саласының маңыздылығын, дәлелдейді. Әрбір мемлекеттің интеллектуалдық, экономикалық, парасаттық және мәдени қарымы білім сапасының күйін оның пргрессивтік даму тарихы айқындайды.                                                     Осы тұрғыдан алғанда егемен Қазақ елінің ғылымы мен білімінің стратегиясы, білім беру жүйесінің ұлттық білім мен тәрбие идеяларын сақтай отырып, әлемдік білім кеңістіктегіне кірігуімен анықталады.      Қазіргі таңда еліміздегі білім беру жүйесінің ролі өте күшті. Себебі ХХІ ғасырдың жасампаздық істерін жүзеге асыратын да көтеретінде шығармашылық потенциалын қалыптастыруға ғылыми көзқарасымен жалпы мәдениеттілік қызығушылығын кеңейтуге бағытталған білім мазмұнының жаңа сапасы қажет.                                                                          Жас жеткіншектерге білім беру үрдісінің бірі де бірегейлі арнайы курстардың жүйесі  болып табылады. Арнайы курстағы сабақтарды да инновациялық бағытқа айналдыру керек. Педагок П.Ф. Каптеров «Жақсы сабақ деп 3 критерийге жауап берген педагогикалық үрдісті айтамыз» - деді. «Олар сабақтың қызықты болуы, тиянақты жоспарлануы және баланың ақыл - ойына түрткі беретін әрі жаттығу болып табылатын сабақ». Осыған орай сегізінші сыныптағы «Логикалық математика» арнайы курс сабағының тапсырмалары Блум таксономиясының негізінде құрастырылды.  Блум таксономиясы оқушыларға өздігінен нәтиже шығаратын, сыни тұрғыдан ойлауға үйрететін, интербелсенді тапсырмаларды жоспарға енгізуге мүмкіндік берді. Оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін сабақ «Математика даму тарихы» бейнероликпен басталды, осы бейнероликтің мазмұнын  терең  ұғу үшін оқушыларға жоғары деңгейдегі сұрақтарды семантикалық картаға салып тапсырма берілді. Сабақтың негізгі мақсаты «Оқушыларды логикалық есептерді шығаруға үйрету» болып келді. Мақсатқа қол жеткізу үшін логиканы дамытатын сұрақтарды және тапсырмаларды оқушылар сыни  тұрғыдан стратегиялар арқылы шығарды. «Сұрақты ұстап ал!» стратегиясы-  мұғалім сұрақ қойған кезде фасоль салынған қапшықты лақтырып, ал  оқушылар қағып алып, жауап бергенде, әр оқушы мұқият тыңдап, ойланып дұрыс жауап беруге тырысты.  Бұл сұрау үдерісіне кинестетикалық сипат береді және оқушыларды өз еркімен жауап беру үшін ниет білдіруге итермелейді. Күрделі логикалық есептерді шығаруға ДЖИК СО стратегиясы тиімді болды. Топтарға бөлінген оқушылар есептерді талқылап, бір – біріне түсіндіру арқылы ойлануға үйренді. Пуассон есебін демонстрациялағанда және постерді қорғағанда оқушыларға өте қызықты болды. Олар әртүрлі идеяларды ұсынды, соның ішінде Мерей мен Венераның идеялары дұрыс болды. «Бірге ойланамыз» стратегиясы - топтың әр оқушысы бір-бірінің пікірін еркін тыңдап, үш минуттың ішінде жылдам жауап беру арқылы, оқушылар жоспарлаған барлық логикалық есептерді шеше алды. Осы тапсырмада Шыңғысхан мен Амир өз логикасымен таң қалдырды.  Келесі «Ойымды жалғастыр» стратегиясында математикамен байланысты қазақ мақалдарын оқушылар жақсы білетінін көрсете алды. Мұнда Далида, Зере, Мәдина, Жанат – оқушылар озат болды. Өз ойларын жинықтауға арналған «Маған құнды болды» тақырыбына «Эссе» стратегиясы –оқушының шығармашылықпен жұмыс істеу қабілетін, сөздік қорын дамытты. Оқушылардың түсінбеген жерін анықтау үшін «Сұрақтары бар қорап» өте ұтымды болды. Оқушылардың көбі «Барлығы түсінкті болды» деп жазды, бірақ түсінбеген кейбір есептер де болды. Сол есептер міндетті түрде келесі сабақта талқыланады. Сабақ барысында «Екі жұлдыз, бір ұсыныс», «Басбармақ», бір-біріне сый көрсету арқылы формативтік бағалау жүріп отырды.        Сабақ - оқыту жұмысын ұйымдастырудың басты формасы болғандықтан бүгінгі таңда оның атқаратын қызметі мен оқыту үрдісіндегі алатын орны ерекше. Сондықтан,  сабақты оқушылардың  логикалық ойлау қабілетін, сыни тұрғыдан ойлау қабілетін, рухани-адамгершілік қасиеттері мен ақыл ой қабілетін дамытатындай құрастыруы қажет. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін интербелсенді әдістерді қодануды және сыни тұрғыдан ойлауға үйретуді сабақтарға белсенді енгізу қажет.    

                                                                                  Бисмельдинова Б.М.

                                                                                  математика мұғалімі

Павлодар қаласының

                                                                                 №20 лицей-мектебі