Сенім телефоны
8-(7182)22-04-10
email: sosh20@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ак. Чокина к., 159/4
8-(7182)22-04-10
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 15.00-17.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Математикалық сайыс»
25-02-2014 04:36
«Математикалық сайыс»

   Оқушылардың пәнге қызығушылығы мен ынтасын арттыруда, шығармашылық қабілеттерін дамытуда сыныптан тыс жұмыстардың атқаратын рөлі өте зор. 22 ақпанда № 20 лицей-мектебінде жаратылыстану пәндер апталығында 8-9 сыныптар арасында «Математикалық сайыс» атты танымдық ойыны өткізілді. Ойын сегіз турдан тұрған. Бірінші турда екі топ «Алғырлар тобы» және «Тапқырлар тобы» өздерін таныстырды. Екінші «Жорға» деген турда оқушылар ауызша он сұраққа жауап берді. «Ғажайып үштік» турында қатысушылар өздері сұрақты ұпайына қарай және деңгейіне қарай таңдап жауап берді, осы турда «Тапқырлар тобы»  логикалық ойлау қабілеттерін көрсете білді. Олардың ішінде ең белсенділік танытқан- Серіков Еламан және Султанов Диас. Келесі турда даналардың ойларын аяқтауы керек болды. «Бәйге» турында оқушылардың жоғарғы  ұпайы -15, көмекпен- 10 ұпай логика сұрақтарына жауап берді. «Актер шеберлігі» деген кезеңде 8 сыныптан Базарбек Мирхат және Оспанова Далида сайысқа түсті, олар «Математикаға арнау» деген өленді әртүрлі жанырда актер шеберлігін көрсетті. Ақырғы екі турда «Суретшілер» сайысында  және «Ән мен математика» сайысында топтар координаталар бойынша сурет салып және математикалық терминдері бар өлеңдерді кезекпен айтып шықтты. Осы сайыстарда екі топ бір-бірінен асып түсті, бірақ  «Ән мен математика» сайысында «Алғырлар тобы»мықты болып шықты. Осы сайыста Курашева Айдананың әсем даусы таңқалдырды. Ал ең көп ән білетіндігімен Искаков Аман және Қарабжанов Айтуар топ жарды. Әділқазылардың қорытындысы бойынша «Тапқырлар тобы»  жеңіске жетті, ал «Алғырлар тобы», жеңілсе де, өздерінің білімді және ұйымшыл екенін көрсетті.

Бисмельдинова Б.М. математика мұғалімі.