Сенім телефоны
8-(7182)22-04-10
email: sosh20@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ак. Чокина к., 159/4
8-(7182)22-04-10
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 15.00-17.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Аудармашылар конкурсы: Келді. Аударды. Жеңді.
18-03-2014 17:38
Аудармашылар конкурсы: Келді. Аударды. Жеңді.

ИнЕУ-де «Шетел тілдері және аударма теориясы мен практикасы» кафедрасының бастамасымен Павлодар мектептерінің 8-11-сынып оқушылары арасында I қалалық аудармашылар конкурсы өткізілді.
80-нен астам кісі қатысқан конкурс бағдарламасында аударматану бойынша викторинаны, жарнамалық мәтінге жазбаша аударма жасау, бейнероликті ана тілінен (қазақ тілі, орыс тілі) шетел тіліне (ағылшын тілі, неміс тілі, француз тілі) ауызша аударма жасау және керісінше аударуды қамтыды.

Шығармашылық конкурсы, сондай-ақ университетімізде халықаралық ынтымақтастық аясында ұйымдастырылған тәжірибе алмасу бағдарламасына (Қытай, Польша, АҚШ және т.б.) қатысқан студенттердің сөйлеген сөзі конкурс қатысушыларының асқан қызығушылығын оятты.
Табан тірескен күрес нәтижесінде конкурс жеңімпаздары анықталды. Қазақ тілінде білім беретін мектептер арасында №19 жалпы білім беретін мектебі «Үздік аудармашы» номинациясында, №41 жалпы білім беретін мектебі «Аудармашы-эрудит» номинациясында, «Стикс» мектебі «Креативті аудармашы» номинациясында ерекшеленді. I орынды №20 мектеп-лицейінің,  №34 ЖОБМ, «Стикс» мектебінің оқушылары алды. II орынды №39 мектептің, №20 мектеп-лицейдің, «Стикс» мектебінің оқушылары иеленді. III орын №41, 16 ЖОБМ оқушыларына бұйырды.

Қатысушылардың пікірі бойынша аудармашылар конкурсы ойдағыдай өткен:
«Конкурс сәтті өтті. Бұл үшін сіздерге рахмет! Жастар өз қабілеттері мен білімдерін көрсетулері үшін осындай конкурстарды жиі өткізіп тұрыңыздар»-дейді №34 жалпы білім беретін мектеп өкілдері.
«Бұл өте қызықты, шығармашыл конкурс болды» - дейді №20 мектеп-лицейі.
«Маған екі тур да ұнады. Жарнамалық лозунгтарды аудару – деген керемет идея. Өзіңнің шет тілін білу деңгейіңді әртүрлі салада сынап көру тамаша». №20 мектеп-лицей.
«Барлығы керемет болды. Осындай конкурстар көбірек болса». «Стикс» ББМ.
«Барлығымыз үшін бұл мол тәжірибе болды. Бұндай сипаттағы бірінші конкурс. Әрі қарай өрлей берулеріңізге тілектеспін!». №35 ЖОБМ.

Қатысушыларға конкурс атмосферасы да ұнады: «Көп жағымды эмоция алдым». №7 ЖОБМ.
«Осындай іс-шара үшін сіздерге рахмет! Маған бәрі ұнады». № 41 ЖОБМ.
Кейбір қатысушылар аударма сайысына екінші рет қатысуға тілек білдірді:
«Осындай конкурстар жиі-жиі өткізіледі деп үміттенемін». №34 ЖОБМ
«Осындай конкурстар жиі-жиі өткізілуіне тілектеспін, тағы бір рет қуана қатысамын». №7 ЖОБМ.
«Осындай іс-шараларды көбірек өткізіңіздер». №19 ЖОБМ.

Сонымен, қатысушылардың пікірлері бойынша, аудармашылар конкурсы сәтті өтті. Ол оқушыларға өз білімдерін тексеруге, өз қабілеттерін ашуға көмектесті. Біздің кафедра бұл конкурсты жыл сайын өткізуді ұсынады және барлық мектептерді оған қатысуға шақырады.

Гульмира ХАМИТОВА,
кафедра меңгерушісі, филол.ғ.к.,
Айжан БАЙДИЛЬДИНА,
аға оқытушы, филология магистрі