Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8-(7182)22-04-10
email: sosh20@goo.edu.kz
Адрес: Ак. Чокина к., 159/4
8-(7182)22-04-10
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі 15.00-17.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Біздің жерімізге тағы да мейірімділік пен қайырымдылыққа толы жыл басы, көне де әсем, қайта жаңару мерекесі - Наурыз мерекесі келді.
21-03-2014 06:36
Біздің жерімізге тағы да мейірімділік пен қайырымдылыққа толы жыл басы, көне де әсем, қайта жаңару мерекесі - Наурыз мерекесі келді.

 

Біздің жерімізге тағыда мейірімділік пен қайырымдылыққа толы жыл басы, көне де әсем, қайта жаңару мерекесі- Наурыз мерекесі келді. Биылғы жылы тағыда дәстүр бойынша біздің №20 лицей- мектебінің оқушылары ұстаздарымен, ата- аналарымен және ИнЕУ–ден келген әріптестерімен бірге шығыс күнтізбесі бойынша Жаңа жылдың келуін мерекеледі.    Мереке лицей директоры  Г.Т.Топанованың, педагогика ғылым докторы Б. Д. Қайырбекованың және философия ғылым докторы, профессор Г.К. Билялованың құттықтау сөздерімен басталған линейкамен ашылды. Содан кейін оқушылардың киіз үй түріндегі безендірулері, театрландырылған көріністер арқылы қазақтың ұлттық салт- дәстүрлерін және келген қонақтар құрметіне жайылған мерекелік ақ дастарқан жая білу өнері көрсетілді. Әділ қазылар алқасына  байқаудың шешімін шығару оңайға түскен жоқ: барлық сыныптар өте жауаптылықпен дайындалған, өздерінің қазақ халқының салт- дәстүрлерін терең білетінін, әртістік шеберлігін және қонақ жайлылығын көрсете білді. Мерекеге лицейліктердің ата- аналары да белсене қатысты.       Наурыз мерекесі басында басталғандай, жеңімпаздар қорытындысын шығару бойынша линейкамен аяқталды.