Сенім телефоны
8-(7182)22-04-10
email: sosh20@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ак. Чокина к., 159/4
8-(7182)22-04-10
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 15.00-17.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Мектеп өміріндегі белсенділер
29-10-2014 08:18
Мектеп өміріндегі белсенділер

    Қала, облыс деңгейінде мектебіміздің атын шығаратын, бетке ұстар оқушылар бар. Біздің мектебіміздегі белсенділер: Жақсыбаева Камила,  Қаратай Бекзат, Абденов Қанат, Жұмабеков Елдос . Олар 10 «Қ» сыныбында оқитын, мектеп өмірінде белсенділік танытатын оқушылар. 1 –ші  қазан қарсаңындағы қарттар мерекесінде  олар «Достық» үйіндегі  іс-шараға қатысып,  «Үлкенге құрмет, кішіге – ізет» деген мақалдың  үлгісін көрсете алды. Кейін олар «Қазақстан–Павлодар» телеарнасындағы  «Ұлан басы» атты теле-бағдарламаға қатысып, патриоттық  сезімді , ертеңгі болашақтағы ұрпақтың мүддесін айтқан болатын. Бұл бағдарлама тек қала деңгейінде емес, облыс деңгейіндегі қалалар арасында болған болатын. Теле-бағдарламада оқушыларымыз мемлекет қайраткерлері мен жүргізушілерге сұрақтар қойып, алғырлығын көрсетті. Бұл әлі де бірінші тоқсан нәтижесі ғана, ертеңгі күндері біздің белсенділеріміз мектеп пен қала, облыс бойынша біздің лицейіміздің атын танытатыны анық. Жас адамның бойында талмас жігер мен таусылмас ақыл болу керек. Осы екі ұғым біздің  оқушыларымыздың бойынан анық табылады. Ертеңгі болашақтың негізін қалайтын –жастар. « Тіл», «Отан» , «Халық» сияқты ұғымдарды жоғары мадақтап,  ертеңгі күні мектепті бітіргеннен кейін де, қоғамдық саясаткерлердің бірі болуларына  және мектебіміздің атын әлі де таныта берулеріне тілектеспіз!