Қабылдау комиссиясы
2014-2015 оқу жылына 2014 жылдың сәуір айынан бастап № 20 лицей-мектебіне мемлекеттік және орыс тілінде 8,9,10 сыныбына оқушыларды қабылдау комиссиясы жұмыс істейді. Комиссия құрамына мектеп әкімшілігі, келген оқушылармен әңгімелесу өткізілгеннен кейін тестілеуге рұқсат етіледі. Түсу талабы: төзімді, іс-әрекеттегі танымдық қабілеттілігі, интеллектуалдық дамуды игеруі, белсенді өмірлік ұстанымы, әлеуметтік жауапкершілік. Қабылдау шарттары: тестілеу негізінде іріктеу конкурсы арқылы. Толық ақпарат алу үшін мына телефон 57-35-06 арқылы хабарласуға болады, e-mail:School20pavl@mail.ru.