Құттықтаймыз!
Аяулы қазақстандықтар! Сіздерді Конституция күнімен құттықтаймыз.
Ұлтымыздың ұлан-ғайыр тарихында Қасым ханның «Қасқа жолынан» бастау алған бүгінгі Конституциямыз – Елбасы ұсынып, халық қолдаған, елімізді биік белеске шығарған, тарихи маңызы аса зор құжат. Ата Заңды ардақтау – келешекке керуен тартқан мемлекетіміздегі әрбір азаматтың асыл парызы. Облыс экономикасының қазіргі даму деңгейі Елбасының алдымызға қойған міндеттерді кезең-кезеңімен шешуімізге мүмкіндік беріп отыр. Бұл тарапта шығысқазақстандық әрбір белсенді азаматтың еңбегі бар деп айтуға болады. Әр шаңыраққа құт-береке, ырыс пен ынтымақ тілеймін. Ел іргесі аман, келешегіміз кемел болсын!