Сенім телефоны
8-(7182)22-04-10
email: sosh20@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ак. Чокина к., 159/4
8-(7182)22-04-10
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 15.00-17.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Қазақстандықтарды Болгария еліндегі АУБГ оқуға шақырады
11-10-2014 14:30
Қазақстандықтарды  Болгария еліндегі  АУБГ  оқуға  шақырады

   9   қазан  күні Павлодар  қаласының  № 8 лицей-мектебінде Болгария  мемлекетінен АУБГ жоғары оқу орны  өкілдері арнайы Павлодар  мектебінің 10, 11  сынып  оқушыларын кездесуге шақырылып, өздерінің оқу орнына жарнама, презентация түрінде таныстырды. Болгария мемлекетінде Американдық университет орналасқан  екен. Бұл жоғары  оқу орнында әр елден келіп студенттер  оқиды екен. Бұнда қазіргі  заман талабына сай сапалы  американдық білім  береді және 12  шетел елінің профессорлар мен атақты ғалымдар  дәріс беруде. Студенттер сабақтарын  жақсы оқыса, стипедиялары да көбейіп тұрады. Оқуды ақылы  түрінде де оқуға болады, жылына 12 мың доллар төлейтінін хабарлады. АУБГ оқуға түсу  үшін желтоқсан айыннан бастап, Онлайн сауалнаманы толтыру керек, одан кейін TOEFL тест тапсырған соң, SAT  түрінде емтихан тапсыратынын ескере  өтті.Оқу  аяқталғаннан  кейін 2 диплом  беріледі. Қай елге барсаң да, осы дипломмен жұмысқа орналасуға болатынын  ескере өтті. Оқуды аяқтап  кеткен студенттер қазір  атақты компанияларда жұмыс істейді. АУБГ оқу  орнында студенттер бірнеше тілді меңгеріп, еркін  сөйлейді. Студенттердің дүниетанымы кеңейеді. Сонымен  қатар студенттердің тұрмыстық  жағдайына  да жақсы жағдай жасалған. Жататын жатақханалары,ас ішетін асхана, кітапханалары өте үйлесімді,толық  қамтылған.Табиғаты да ғажап. Жан-жағы жап- жасыл дала. Бұнда 40  шақты студенттік клубтар бар. Студенттің еркі бойынша музыка, спорт, би, әдебиет т.б. клубтарға  қатысады.Сан алуан мамандықты алып  шығатынын және жұмыспен қамтылуы 100 пайыз екенін кепілдік беретінін бір сөзбен мақұлдады. Келіңіздер, АУБГ  оқуға   шақырады!