Сынып жиналысы
2014 ж. 21 қарашасында № 20 лицей-мектебінде 11-ші сынып түлектерімен жиналыс өтті. Күн тәртібінің ең маңызды оқушылардың ҰБТ-ға дайындығы сұрағына ерекше назар бөлінді. Директор орынбасары Р.Т.Сүлейман түлектер назарына бірінші тоқсанда өткізілген сынақ тестілеуінің қорытынды мониторингін ұсынды. Сынып жиналысында әр оқушыға өзінің ҰБТ-ға дайындығы бойынша есеп жасауға мүмкіншілік берілді.