Тренинг
Бүгін №20 лицей – мектебінде 10 – сынып оқушыларына педагог – психолог «ЖҚТБ/ЖИТС және есіртке жаман әдеттерді алдын – алу тренинг» өткізді. Тренингтің мақсаты ЖҚТБ/ЖИТС жайлы ақпараттар деңгейін толықтыру. Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, құқықтық тәрбие беру, жастар мен жасөспірімдердің өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға насихаттау.
Жасөспірімдерге ЖҚТБ/ЖИТС, есірткі туралы бейнеролик көрсетіліп, түрлі ойындар өткізілді. Әр түрлі жағдайлар берілді, ал оқушылар болса сол келтірілген жағдайларды шешу тауып, өз ой – пікірлерін білдірді.