«Үлкен, кіші, кәріміз – кітап оқиық бәріміз!»
Павлодар облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» КММ-сі«Үлкен, кіші, кәріміз – кітап оқиық бәріміз!» атты әдеби викторина ұйымдастырды.
Викторинаның негізгі мақсаты оқушыларды көркем әдебиетті оқуға, адамгершілік - рухани дүние танымын байыта білуге баулу.Оқушылардың қазақ зиялыларының өмірімен шығармаларымен жете танысып, ізденімпаз, шығармашыл болуға, сөз өнерін қадір - қасиетімен танысуға білімдерін жетілдіру.Аталған викторина ұраны барлығын ғаламтор және әлеуметтік желілерді ұмытып, сиқырлы кітап әлеміне үңілуге шақырады.
Викторинаның басты ерекшелігі – оған әр түрлі санаттағы жастар қатысады. Олар мектеп оқушылары, қазақ тілі және әдебиеті мамандығы бойынша оқитын ЖОО студенттері, сонымен қатар жас мамандар.
№ 20 лицей – мектебінің оқушылары сайысқа белсенді қатысып, өздерінің біліктіліктерін көрсете білді және «Алғыс хатпен» марапатталды.