Сенім телефоны
8-(7182)22-04-10
email: sosh20@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ак. Чокина к., 159/4
8-(7182)22-04-10
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 15.00-17.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Білім беру мекемесі психологінің ең үздік әдістемелік құралы» атты облыстық сайысының қорытындысы
26-11-2016 05:34
«Білім беру мекемесі психологінің ең үздік әдістемелік құралы» атты облыстық сайысының қорытындысы

24 қазанда М.М.Катаев атындағы оқушылар сарайында өткен «Білім беру мекемесі психологінің ең үздік әдістемелік құралы» атты облыстық сайысқа қатысып, № 20 лицей-мектебінің педагог - психологі Динара Сарсенбаевна Баильдинова II орын алды. Сайыстың мақсаттары: білім бөлімі психологтарының кәсіби шеберліктерін дамыту және шығармашыл, озық тәжірибесін, инновациялық идеяларын тарату. Сайыс екі кезеңде өтті: 1 кезең- сырттай, дистанционды, 2 кезең - іштей сайыс жұмысын қорғау арқылы. Қатысушылардың жұмыстары келесі критерийлар: өзектілігі, тәжірибелік іс бағыты, жинақылық, тақырыптық аяқталуы, эстетикалық рәсімдеуі бойынша бағаланды.

Д.С. Баильдинова өзі жасаған «Оқушыларға ҰБТ дайындық бойынша психологиялық көмек» атты бағдарламасын ұсынды, мақсаты жоғары сынып оқушыларының эмоционалды жағдайын және батылдық дағдыларын қалыптастыру. Ұсынылған бағдарламада педагог – психолог оқушыларға күйзелістік хал-жағдайды жеңіп, өзінің іс-әрекеттеріне жауапкершілігін сезіну бойынша нұсқаулықтар береді. Сайыс ұйымдастырушылары Павлодар облысынының білім беру басқармасы, М.М.Катаев атындағы оқушылар сарайы.

Сайыстың қорытындысы бойынша басылым түрінде жинағы және электрондық таратушы шығарылады.