КҮЗГІ ДЕМАЛЫСТЫҢ ЕКІНШІ КҮНІ «ОТБАСЫ КҮНІ» ДЕП АТАЛДЫ
![КҮЗГІ ДЕМАЛЫСТЫҢ ЕКІНШІ КҮНІ «ОТБАСЫ КҮНІ» ДЕП АТАЛДЫ](/media/img/blogs/blogs_2012544422.jpg)
Жоғарғы сынып оқушылары таңертеңнен ғылыми жоба, ҰБТ, ВОУД, пәндік олимпиадаларға дайындық үстінде болса, кіші лицей оқушылары Секіртпеден секіріп, тоғыз құмалақ бойынша жарыстар ұйымдастырды. Тоғыз құмалақ қазақ халқының ұлттық ойыны . Бұл ойын оқушы бойына зеректік, шыдамдылық пен табандылық сияқты оң қасиеттерді дарытатын ойын. Тоғыз құмалақ ойыны үш - төрт мың жыл бойы сақталып келген және біздің ата-бабаларымыздың сүйікті ойыны болып саналады. Тоғыз құмалақ ойынының жеңімпаздары Қасым Ерасыл 8 Б сынып оқушысы – І орын, Мұрат Мәди 8 Б сынып оқушысы – ІІ орын және Адамова Адель 8 Б сынып оқушысы – ІІІ орынды иеленді.