Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8-(7182)22-04-10
email: sosh20@goo.edu.kz
Адрес: Ак. Чокина к., 159/4
8-(7182)22-04-10
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі 15.00-17.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
«Сұлтанмахмұттың қоңыр күзі»
31-10-2016 05:20
«Сұлтанмахмұттың қоңыр күзі»

Павлодар қаласы Естай атындағы Мәдениет сарайында Павлодар қаласы Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен қазақтың көрнекті ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыровтың туған күніне орай «Сұлтанмахмұттың қоңыр күзі» атты дәстүрлі байқау 28 қазанда 2016 жылы өтті. Байқауға 15-35 жас аралығындағы жас ақындар өлең-жырымен сайысқа түсті. Сайысқа қала мектептерінің оқушылары мен колледждердің, ЖОО студенттері және Қалалық Кәсіпорын мекемелерінен де қатысты.

Шараның негізгі мақсаты – Сұл­тан­махмұт Торайғыровтың шығарма­шы­лығын насихаттау.

Байқауға әдеби шығармашылық қабілеті бар 30 үміткер өнер көрсетті. Жастар ақынның «Қамар сұлу», «Кім жазықты?» романдарынан сахналық көрініс қойып, «Кедей», «Адасқан өмір», «Айтыс», «Таныстыру» секілді поэмаларынан үзінді оқыды, сауалдарға жауап берді. Байқау нәтижесінде №20 лицей-мектебінің 9«Қ» сынып оқушысы Төлеулі Ғазиз «Асау жүрек» аталымы бойынша марапатталды. Шара жеңімпазына бағалы сый­лық табыс етілді. Төлеулі Ғазиз осындай сайысқа бірінші рет қатысып үлкен марапатқа ие болды. Ғазиздың шығармалары жарқын да, мәнерлі болды.

Жүлдегерлер 29 қазанда Баянауыл ауданы, Торайғыр ауы­лына саяхатқа шығып, Сұлтанмахмұт Торайғыровтың зиратына барып, рухына тағзым етті.

Жүлдегерді дайындаған жоғары санатты қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі Меруерт Сабитовна Шоманова.