Сенім телефоны
8-(7182)22-04-10
email: sosh20@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ак. Чокина к., 159/4
8-(7182)22-04-10
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 15.00-17.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Жыр тұлпары – Дулат Бабатайұлы» атты әдеби жыр әуені
21-09-2016 01:39
«Жыр тұлпары – Дулат Бабатайұлы» атты әдеби жыр әуені

2016 жылдың 15 қыркүйек күні №20 лицей-мектебінде «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында жалпы ұлттық оқылымға қазақ жырының дүлдүлі, ақын Дулат Бабатайұлының шығармашылығына арналған «Жыр тұлпары – Дулат Бабатайұлы» атты 8 В, 8 Б, 9 К сынып оқушылары аралығында әдеби жыр әуені өтті. Шараның мақсаты - оқырман оқушыларымызға қазақ жырының дүлдүлі Дулат Бабатайұлының өз кезеңіндегі әлеуметтік және тәрбиелік мәні зор мәселелерді арқау етіп, туған елге, өскен жерге деген перзенттік шынайы сезімін паш ететін шығармаларын таныстыру. Қазақ халқының төл әдебиетін, мәдениетін құрметтеуге баулып, ақынның лирикалық өлеңдерін, толғаулары мен дастандарын насихаттау. Кеш барысында Дулат Бабатайұлының «Аякөз», «О, Сарыарқа, Сарыарқа», «Дүние – жемтік, мен-төбет», «Қылығың қылжаның туысқан», «Тырнақтай меңі болған соң» өлеңдерін, «Еспембет» дастанынан үзінді арнауларының маңызына оқушылардың назарын аударып, қызығушылық әсеріне бөлендірді. Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі М.С.Шоманова Р.Рождественскийдің Д.Бабатайұлынан аударған «О, вершин этих горных гряда» атты өлеңін орыс тілінде оқып, әдеби әуеніне көңіл бөлді.

3def2a21-1b40-4530-92ca-78474456283awallpaper