Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8-(7182)22-04-10
email: sosh20@goo.edu.kz
Адрес: Ак. Чокина к., 159/4
8-(7182)22-04-10
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі 15.00-17.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
2017 ЖЫЛЫ ҰБТ ЭЛЕКТРОНДЫ ТҮРДЕ ӨТЕДІ
21-08-2016 12:12

Ұлттық бірыңғай тестілеу келесі жылы болмауы мүмкін. Бұл туралы бүгін ұстаздардың тамыз кеңесінде ҚР Премьер-министрінің орынбасары Дариға Назарбаева айтты.

«Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу тәсілдері өзгереді. Биыл ҰБТ жаңа форматта өтті.

Ең төменгі шекті балл жинай алмаған оқушылар үшін қайтадан тест тапсыру және жоғары оқу орнына түсу мүмкіндігі қарастырылды. Келер жылы біз ҰБТ-ны толық өзгертеміз және түлектерді электронды тестілеу жүйесіне ауысамыз», - деді Д. Назарбаева.

Оның айтуы бойынша, қазіргі кезде Білім және ғылым министрлігінде электронды тестілеу орталықтарының желісін құру бойынша мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жобасы қаралуда.

2016 жылы ҰБТ кезінде шекті 50 балды жинай алмаған бітірушілерге оны ағымдағы жылы тамыздағы кешенді тестілеуде қайта (ақылы) тапсыру мүмкіндігі берілді. Қайта тапсыру тестілеуінің бағасы 2 мың 242 теңгені құрайды.