«Қауіпсіз интернет» онкүндігі басталды
Қазақстан Республикасы ғылым және білім Министрлігінің балалардың құқығын қорғау Комитеті бастамасымен №20 лицей-мектебінде «Қауіпсіз интернет» онкүндігі басталды. Бастаманың бірінші, күні 8-11сынып оқушыларының лекторлық тобы, онкүндіктің мақсаты және шаралар жоспарымен таныстырды. Онкүндіктің мақсаты-интернет ресурстарын пайдалану мәдениетін көтеру, кәмелетке толмаған жастардың белсенділігін үлкендермен бақылау жауапкершілігін белгілеу, оқушылар, педагогтар және ата-аналарға бүгінгі күннің агрессиялық Интернет-контент мәселелері туралы ақпарат жеткізу. Онкүндік аясында басқа шаралармен бірге ата-аналарға «Балаларды интернеттен қауіпсіздендіру» атты кітапшаларын тарату жоспарлауда.