Бүгін №20 лицей-мектебінде «Дұрыс тамақтану» бойынша оқушыларға бесминуттік ақпарат берілді. Мақсаты: денсаулықтың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру. Денсаулықты күтуге,дұрыс тамақтана білуге үйрету және түсініктерін кеңейту. Бесминуттік ақпараттың барысында оқушыларды дұрыс тамақтанудың негізгі шарттарымен таныстырды. Тағамның құрамында негізгі қоректік заттар белок, көмірсу, май, дәрумендер, тағамдық талшықтар болуы тиіс.Тәулік бойы тамақтану тәртібін, мөлшерін сақтау. Егер де адам дұрыс тамақтанбаса іште ауырлық пайда болып, асқазанда тым көп асқазан қышқылы құрылады, бұл гастрит немесе жараға әкеп соғады. Шамадан тыс қант тұтыну ұйқы безіне салмақ түсіреді, бұдан ол көп мөлшерде инсулин бөле бастайды да, қант диабеті пайда болады. Оқушылар бұл берілген ақпаратты мұқият тыңдап, өздеріне көп пайдалы ақпарат алды.
«ДҰРЫС ТАМАҚТАНУ-ДЕНСАУЛЫҚ НЕГІЗІ»