Сенім телефоны
8-(7182)22-04-10
email: sosh20@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ак. Чокина к., 159/4
8-(7182)22-04-10
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 15.00-17.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Бұны білу керек!» бес минуттік баяндама
27-02-2016 03:19
«Бұны білу керек!» бес минуттік баяндама

Бүгін № 20 лицей – мектебінде туберкулез профилактикасына байланысты оқушыларға «Бұны білу керек!» атты бес минуттік ақпарат оқылды. Баяндаманың мақсаты туберкулез сияқты аурудың пайда болуын, қоғамға, адамға осы аурудың зардабын түсіндіру. Балалардың сана-сезiмдерiн ояту, өз денсаулықтарын сақтаудың маңыздылығы, жеке бас гигиенасы туралы түсiнiк қалыптастыру. Баяндамада оқушылар қазіргі туберкулездің қауіпті ауру болып табылатыны туралы айтылды. Туберкулездің түрлерімен, ауруды анықтау белгілері және оны қалай емдеу керек туралы ақпарат берілді. Туберкулездің ашық және жабық түрлерінің ерекшеліктері жайлы, оны әр түрлі әдіспен анықтау керек екенінің маңызын айтып өтті. Сонымен қатар әлемде туберкулез ауруынан көптеген адамдар көз жұмғаны жайлы ақпарат беріліп, оқушылардың назарына ұсынылды. Жалпы берілген ақпарат оқушыларға өз өмірлері жайлы ойланып толғануға түрткі болады деп үміттенеміз.