19 ақпан күні Павлодар қаласының № 20 лицей – мектебіне «Қазақ радио» тілшісі келіп «Өзге ұлт оқушылары қаншалықты қазақ тілін жетік білетіні туралы сұхбат алды. Оқушылар өздерінің қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін көрсете отырып, тіл байлықтарының мол екендігін сұрақ – жауап, өлеңдер оқу арқылы дәлелдеді. Өлеңді мәнерлеп оқудан және де ылғи да қалалық сайыстарға қатысып, көзге түсіп, жүлделі орын алған оқушылар қатарына: Ваккер Марина, Маныч Владислав, Смагулов Еркін, Муканова Айжан жатады. Сонымен қатар, өзге ұлт өкілдеріне арнайы мемлекеттік тілін насихаттау мақсатында біздің лицей- мектебімізде сабақтан тыс «Шаңырақ» атты үйірме сағаты ұйымдастырылған. Бұл үйірменің мақсаты: Қазақ халқының салт- дәстүрін, әдет- ғұрпын таныстырып, дәріптеу. Бұл радиомен кездесу өзге ұлт өкіл оқушыларының тілге деген құрмет пен ынталарын жігерлендіре түсті.
«Халық радио» тілшісімен кездесу