Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8-(7182)22-04-10
email: sosh20@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ак. Чокина к., 159/4
8-(7182)22-04-10
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 15.00-17.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Сүйемін сені,Қазақстан
15-12-2015 07:54
Сүйемін сені,Қазақстан

Желтоқсанның 14 жұлдызы күні № 20 мектеп – лицейінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты кеш өткізілді. Мерекелік шарада әр түрлі халық өкілдері өз тілінде сөйлеп, ән салып,би билеп,салт-дәстүрлерін көрсетті. Барлық қатысушылар әдемі, көз алатын ұлт киімдерімен көрермендерді таңқалдырды.Салтанатты мерекеміздің қадірлі қонағы желтоқсан көтерілісінің қатысушысы Павлодар Мемлекеттік университетінің филология ғылымының кандидаты,академик, қазақ тілі кафедрасының менгерушісі Зейнуллина Айман Файзуллаевна болды. Өзінің сөзінде Айман Файзуллаевна тәуелсіздіктің түп тамыры желтоқсан уақиғалары болғандығын айтты,бейбіт шеруге шығып,билік тарапынан кінәлі деп саналған жастарымыздың бір бөлігі қанды қырғында көз жұмса,аман қалғандары өздері аңсаған азаттықтың қызығын көруде деген ойды білдірді. Шын жүректен баршамызды келе жатқан тарихи мейраммен құттықтап,Отанымыз тыныштықта,еліміз бейбітшілікте болып,туған жеріміз көркейе берсін деді өзінің тілегінде.