2017 жылы 21 ақпан күні ИнЕУ-дің ғылыми кітапханасында «Халықаралық тілдер күніне» арналған үлкен іс-шара өткізілді. Себебі дәл осы күн 1991 жылдан бастап Халықаралық ана тілі күні ретінде аталып өтіледі. Бұл шараның басты мақсаты балалармен ерекше, қызықты әңгіме жүргізіп, іліп алар кеңес беру, әрбір халық өз тілін жеткілікті біліп, еркін сөйлей білгендей және басқа халықтардың тілдерін де біліп бағалай білуге,бүгінгі жас ұрпаққа соны саналарына ұялата білу. Шараның қатысушылары құрамында қазақ, орыс, корей,шешен,ағылшын тілдерде сөйледі. Олар балаларға үш тілде өлеңдерді мәнерлеп оқып, туған тілдің қайталанбастығын және таңғажайыптығын туралы әңгімелеп, әсем ән тарту етті. Оқушылар тілін үйреніп жатқан ел туралы видеофильм тамашалап, Қазақстанның көрнекі жерлері туралы мәліметтер алды. 9 К сынып тіл білімпаздары «21 ғасыр көшбасшысына» белсенді қатысып, жеңімпаз болып аталды.
Кітапханадағы кездесу