Жанды естілетін сөздер
Тілдер айлығы аясында қыркүйектің 22 жұлдызы күні мектеп-лицейінде «Жанды естілетін сөздер» атты 8-11 сыныптар арасында мәнерлеп оқу сайысы өтті. Мақсаты: Өнерлі және дарынды мәнерлеп оқу майталмандарын, көрермен алдында өзін ұстау мәнерлерін анықтау. Оқушылар өздерінің ұнататын ақын –жазушылардың өлеңдерін оқыды. Олар: А.С. Пушкин, Ф.И.Тютчев, А.А.Фета, А.А.Ахматова, М.И. Цветаева. Қатысушылар өздерінің көңіл күйлерін жеткізу ғана емес сонымен қатар әдебиетке деген жанашырлықтарын көрсете білді. Сайыстың нәтижесі бойынша оқушылар келесі орындарға ие болды: I орын – Акчурина Мария, 9 А сынып оқушысы, II орын Басюк Вероника, 11 А сынып оқушысы, және Дмитриева Анастасия, 10А сынып оқушысы, III орын Ермолаева Полина, 9А сынып оқушысы.