«Бала құқығы – адам құқығы» ақпараттық бес минуттық
«Бала құқығы –адам құқығы» онкүндігі аясында №20 лицей-мектебінде ақпараттық бес минуттық өтті, оны «Фемида» құқық клубының мүшелері 8-11 сынып оқушылары үшін өткізді. Клуб мүшелері Қазақстан Республикасындағы бала құқығы туралы және жасөспірімдердің құқық бұзушылығы жағдайындағы жауапкершілігі туралы айтып өтті. Оқушыларға «Кәмелеттік жасқа толмағандардың құқығы мен міндеттері» жадынамасы таратылды.