Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8-(7182)22-04-10
email: sosh20@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ак. Чокина к., 159/4
8-(7182)22-04-10
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 15.00-17.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жаңаша оқимыз.
29-11-2017 15:02
Жаңаша оқимыз.

      Қазіргі замануи жағдайда мұғалімге жоғары білімім, түрлі курстарым бар деп азды көпке балауға болмайды. Мұғалім жаңа білімдерге ашық болуы керек: оқытып қана қоймай , өзі де жаңаша оқуы керек.Бұл бағыттағы БАИ-мен серіктестік көп кезеңді болып келеді.
    2017 жылдың 17,24 қарашасында «Павлодар қаласының № 20 лицей-мектебі»ММ 8 сағаттық «Қазақстан Республикасының білім ұйымдарында жаңартылған білім мазмұны жағдайында оқу үрдісін ұйымдастыру» тақырыбына семинар өткізілді. Оны Павлодар облысының ПҚ БАИ «Өрлеу» БАҰО жаттықтырушысы М.В.Подолец өткізді.
    № 20 лицей-мектебінің педұжымы семинар барысында критериалды бағалаудың тұжырымдамалық негізін, пән бойынша оқу бағдарламасының құрылымын, қысқа және ұзақ мерзімді жоспар құруды оқып танысты. Семинардың тәжірибелік бөлігі екі күнге созылды: мұғалімдер белсенді оқыту формаларын қолдану арқылы сабақ жоспарын құруды, Қазақстан Республикасының жаңартылған білім мазмұны жағдайында оқушының білім жетістігін критериалды бағалауды тәжірибе жүзінде қолдануға үйренді.
  Оқыту семинарының қатысушылары рефлексия кезеңінде өздерінің семинар барысында алдарына қойған мақсаттарына жеткендерін жеткізді. Пайдалы семинар куәлік тапсырумен жақымды нотада аяқталды.