Отбасының қаржылық тұрақтылығы – бұл оңай!
ИнЕУ-де экономист, табысты кәсіпкер, «Өмір кемеңгері» консалтингілік топтың бас директоры Дмитрий Обердерфермен кездесу өтті. Ол оқушыларды қаржылық сауаттылыққа үйрету әдістемесінің авторы (Москва қ.). № 20 лицей-мектебінің оқушылары үшін Д.Обердерфер шағын-тренинг өткізді. Отбасының қаржылық тұрақтылығы – бұл оңай! Жақындардың қажеттілігіне ақша жетпей ме? Оны қайдан табуға болады деп бас қатырасың ба? Дағдарыс жағдайында ақшаны басқару. Жеке қаржыны басқару негіздері. Осы туралы, тағы да басқа көп пайдалы нәрселерді Дмитрий лицейшілерге айтып берді.