Сенім телефоны
8-(7182)22-04-10
email: sosh20@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ак. Чокина к., 159/4
8-(7182)22-04-10
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 15.00-17.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Құқықтық мәдениеттің медиация күні
06-12-2017 15:23
Құқықтық мәдениеттің медиация күні

      №20 лицей-мектебінде «Мектеп - даусыз аймақ» тақырыбына бірыңғай сынып сағаттары өтті. Шараның мақсаты оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастырудағы медиацияның рөлін түсіндіру. Оқушы уақытының көп бөлігін мектепте өткізетіндіктен сыныптастарымен, педагогтармен қарым- қатынасы оған ықпал етеді. Мектеп қабырғасында жүргенде айналасындағылармен қатынас құруға, даулы сұрақтар туындаған кезде тіл табыса білуге үйренуі қажет. Бұл бірден болмайды! Сондай жағдайда оқушыға көмекші ретінде медиатор – үшінші қалыс, тәуелсіз адам арадағы дауды шешуге көмектеседі (делдал, бітімші). Келіссөз барысында медиатор дауласушы жақтарға өзінің, қарсыласының позициясын анықтауға жәрдем береді. Сол сияқты екі жақты да қанағаттандыратын,тиімді құрылмалық шешім табуға көмектеседі.
      Сынып сағаты барысында лицейшілерге медиация тәртібін насихаттайтын бейнеролик ұсынылды. Оқушылар сынып сағаты барысында замануи мектеп жағдайында туындаған дау-дамайды балама тәсілмен шеше отырып, алдағы қатынысты сақтауға көмектесетін медиатор қажет деген тұжырымға келді.
      Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру жұмысы тұрақты негізде жүргізілетін болады.