Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8-(7182)22-04-10
email: sosh20@goo.edu.kz
Адрес: Ак. Чокина к., 159/4
8-(7182)22-04-10
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі 15.00-17.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
«АҚБЕРЕН» ҚАЛАЛЫҚ БАЙҚАУЫ.
13-12-2017 13:11
«АҚБЕРЕН» ҚАЛАЛЫҚ БАЙҚАУЫ.

       13 желтоқсан 2017 жылы «Павлодар дарын» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының ұйымдастыруымен 8-11 сынып оқушылары арасында «Ақберен» облыстық байқауының қалалық кезеңін өткізді.
        Байқаудың мақсаты – жас дарындар арасынан гуманитарлық-эстетикалық ғылымдар саласында кәсіптік қызметін таңдауға шығармашылық қабілеті жоғары, талантты, жан-жақты өнерлі балаларды табу, кәсіби бағдар беру. Сонымен қатар, ұлттық ортаны қалыптастыруға жол көрсетіп суырып салмалық, әмбебаптық қабілеттеріне баса ден қою (ақындық, шешендік шеберлігі, түрлі ұлттық аспапта ойнау, т.б.) табиғи танымдық қабілеттерін айқындау.
 «Ақберен» байқауы 6 номинация бойынша өткізілді:шешендік өнер, көркемсөз оқу (поэзия, проза драма), шығарма (2 сағаттық еркін тақырыпта), ұлттық аспапта ойнау( домбыра, қобыз, жетіген және т.б.), ақындар айтысы, ақындар мүшәйрасы.
Барлық бағыт бойынша № 20 мектеп –лицейнің оқушылар жақсы нәтиже көрсетіп, төменде аты аталған оқушылар жүлделі орындарға ие болды:
«Шешендік өнер» номинациясы бойынша І орын иегері 10 сынып оқушысы ӘлімханБотагөз.
«Көркем сөз өнері» номинациясында ІІІ орынға 10 сынып оқушысы Садыкова Асия иеленді.
«Ақындар мүшайрасы» номинациясы бойынша ІІ орын иегері 11 сынып оқушысы Ақан Жұрағат.
«Шығарма жазу» номинациясы бойынша ІІ орын иегері 9 сынып оқушысы Искак Камила.
«Ақындар айтысы» номинациясы бойынша ІІ иегері 11 сынып оқушысы Тулегенов Алишер.
«Ұлттық асапапта ойнау» номинациясы бойынша иегері ІІ орын 8 сынып оқушысы Қаратай Нұрбол.

Құттықтаймыз!