Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8-(7182)22-04-10
email: sosh20@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ак. Чокина к., 159/4
8-(7182)22-04-10
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 15.00-17.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Неміс университетіне көпір» ол не?
19-12-2017 13:41
«Неміс университетіне көпір» ол не?

       № 20 лицей-мектебінің оқушылары биыл екінші тіл ретінде неміс тілін оқуда. Сабақты тәжірибелі ұстаз Л.А.Шмидт жүргізеді. Ол кісінің басқаруымен лицей оқушылары Гете-институтының тіл орталығымен тығыз байланыс жасауда. Бүгін оқушылар Алматыдан келген Гете-институты өкілінің «Неміс университетіне көпір» атты шәкіртақылық бағдарламасының тұсаукесерімен танысты. «Неміс университетіне көпір» - шәкіртақылық бағдарлама, тілдік және пәндік дайындықты қамтамасыз ететін, неміс университетінің өмірімен таныстыратын, студенттік мәдениеттің қыр-сырымен, оқу мен оқытудың ерекшеліктерімен таныстырады. Бұл бағдарламаға үш жыл және халықаралық сертификаттың А2 деңгейінің иегерлері мен үздік баға иегерлері қатыса алады. Биыл лицейшілер халықаралық сертификаттың А1деңгейіне ие болу үшін тест тапсыруға дайындалуда. Сол сияқты оқушылар неміс тілінен халықаралық білім сапасын бағалауға қатысуға ниет білдіруде.і