Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8-(7182)22-04-10
email: sosh20@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ак. Чокина к., 159/4
8-(7182)22-04-10
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 15.00-17.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Президенттің жыл сайынғы Жолдауын қолдаймыз
10-01-2018 13:27
  Президенттің жыл сайынғы Жолдауын қолдаймыз

   Бүгін «Павлодар қаласының № 20 лицей-мектебі» ММ педұжымында Президенттің Қазақстан халқына жолдаған «4 өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауындағы 10 басым міндеттер талқыланды.
    Мемлектет басшысы атап көрсеткендей :«Бұл біздің отыз дамыған елдер қатарына енуіміз үшін тарихи мүмкіндік».
     №20лицей-мектебі педұжымы жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі қоғамның ғаламдық міндетін Жолдаудың 10 басым міндеттерін шеше отырып, өз үлестерін қосатындарына сенімді.
    Жыл сайын жақсы деген жоғары оқу орындарында білім алатын біздің түлектеріміздің қатысуымен еліміздің кәсіпорындарындағы қажет етілген мамандардың көмегімен экономия секторының міндеттері шешіледі деген сенімдеміз.
    Біздің Президентіміз еліміздің басты байлығы адами капитал дейді. Осыған байланысты «білім беру ісінде өзіміздің озық жүйемізді құруды жеделдету қажет» міндеті тұр,ол үшін жаңа бағдарламалар мен оқулықтар қажет.
     88% жоғары және бірінші санатты педагогикалық ұжым жаңартылған мазмұнға көшу жұмысын іске асыруға дайын.
      Н.Ә.Назарбаевтың пікірінше, соңғы міндеттердің бірі жемқорлықпен күрес және заңның үстемдік құруы мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып саналады. Мектеп қабырғасында заңға сыйластық танытпау жағдайында төзбеушілік көрсете білетін тұлға тәрбиелеу.
     Сөзінің соңында Президент «барлығымыз алдымызда тұрған 10 міндетті шешуде жұмылуымыз керек» деп тұжырымдады.
    Жолдауды талдау барысында тиімді ұсыныстар айтылды:
1. Жалпы мектептік жиналыста ата-аналар қоғамдастығы арасында ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу.
2. 10-11 сыныптарда оқушылармен ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу- практикалық конференция.
11 сыныптарда – эссе «Менің болашағым Жолдаманың «Дамудың жаңа мүмкіндіктері төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында»;
8-9 сыныптарда «дөңгелек үстел».
3. ҚР Президентінің Жолдауын гуманитарлық циклдан басқа география, информатика, математика, биология пән мұғалімдері де оқып танысуы қажет.
4.Жаратылыстану-математика циклі мұғалімдерін пәнді ағылшын тілін қолдану арқылы жүргізуге дайындауды жалғасыру.
5. «Мәңгілік ел» идеясы мен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы негізінде оқушы бойында рухани-тәрбиелік құндылықтарды сіңіре отырып тәрбиелеу.
Біз Қазақстан Республикасының Президенті халықтың алдына қойған міндеттерді жүзеге асыруда талмай еңбек етуге дайынбыз.