Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8-(7182)22-04-10
email: sosh20@goo.edu.kz
Адрес: Ак. Чокина к., 159/4
8-(7182)22-04-10
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі 15.00-17.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
№20 лицей-мектебіндегі жаратылыстану-математика циклының онкүндігі.
26-02-2018 11:57
 №20 лицей-мектебіндегі жаратылыстану-математика циклының онкүндігі.

      Қазақстан Республикасының 2016-2019 оқу жылдарына арналған білім мен ғылымның дамуы бағдарламасында ,оқу процесінде жаңа технологияларды дамыту, ғылыми инновация,математикалық модельдеуге STEM-элементтерін енгізу керектігі туралы айтылған.Бір сөзбен айтқанда, замануи әлемде ең талап етілген пәндер қатарына жатады. Мектеп жағдайында оларды сабақ арқылы,арнайы курс, үйірме , сыныптан тыс жұмыстар арқылы, оның ішінде ерекше орын алатын пән апталықтары арқылы жүзеге асыруға болады. Осының бәрі оқу процесін ынталандырып,толықтырады, оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттырып,оларды дамытады.
      Осы мақсатпен №20 лицей-мектебінде жыл сайын жаратылыстану-математика циклының онкүндігі өткізіледі. Дайындыққа ӘБ мұғалімдері мен жаратылыстану ғылымы мен математикаға қызығушылықтары бар ынталы оқушылар тобы қатысты. ӘБ жұмысының жоспарына сәйкес жаратылыстану-ғылымы циклының онкүндігі осы оқу жылының 12-22 ақпан аралығында өтті. Онкүндікті өткізу түрлі көрнекі ақпараттармен жарияланып отырды.Мектеп фойесінде пән апталығынан хабардар ететін стенд ресімделді. Мектеп кітапханасында жаратылыс-математика циклы пәндеріне арналған кітап көрмесі, қабырға газеттері,презентация,шығармашылық жұмыстар ұйымдастырылды. Цикл пәндері бойынша байқау,олимпиада,викторина,қызықты сабақтар өткізілді. Жоспар бойынша 40 түрлі шаралар жүзеге асты,оның ішінде оқушылардың есінде пән бойынша «Қызықты ғылыми фактілер», «Ұлы адамдар: математика, физика, информатикадан»бесминуттығы, «Заморочки из бочки», «Бақытты сәт» интеллектуалды ойындары, «Эрудит» конкурсы есте қалды. Барлық шараларды байланыстыратын онкүндіктің тақырыбы- «Ұлы ашылымдар».Оқушылар өздері ашқан жаңалықтарын презентация арқылы көрсетті.Барлық шаралар өзінің мазмұндылығымен,эмоционалды маңыздылығымен ерекшеленді.Күн сайын апталықтың қорытындысы жасалып, мектеп рекреациясында орналастырылды.Жақсы ұйымдастырылған және қызықты өткізілген пән онкүндігі оқушылардың білімін молайтуға,таланттарын ашуға,өздігінен дамуына ықпалын тигізді.