Сенім телефоны
8-(7182)22-04-10
email: sosh20@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ак. Чокина к., 159/4
8-(7182)22-04-10
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 15.00-17.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Қоғам мен тұлға мүддесінің бірігуі - дұрыс мамандық таңдаудың нүктесі.
01-03-2018 15:53
Қоғам мен тұлға мүддесінің бірігуі - дұрыс мамандық таңдаудың нүктесі.

     Жоғары сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру оқушыға мамандық таңдауда дұрыс бағыт беретін керекті және маңызды шарлардың бірі.Мамандық таңдауда қателеспес үшін оқушыға ата-аналар мен ұстаздар тарапынан қолдау қажет.Сондықтан білім беру ұйымының міндеті - оқушыны мамандық таңдауға дайындау.Кәсіби бағдар беру жұмысы кәсіптік ақпарат, кәсіптік диагностика, кәсіби кеңес, кәсіби іріктеу,кәсіби бейімделу құрылымдарынан тұрады.
    № 20 лицей-мектебінде кәсіби ақпарат беру мақсатымен Павлодар облысының Қорғаныс істері департаментінің мамандары келіп, әскери қызмет мамандығы мен Қазақстанның қай ЖОО білім алуға болатындығы туралы әңгімеледі. Оқушыларға жоғары әскери оқу орындары туралы презентация слайд түрінде ұсынылды:Қазақстанның Құрлықтағы әскері институты, екі рет Кеңес Одағының Батыры Т.Бегелдинов атындағы Әскери қорғаныс күштері институты,Б.Бейсенов атындағы Қазақстан Республикасы ІІМ академиясы,Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің техникалық институты. Департамент мамандары аталған ЖОО іріктеу шарттары туралы мектеп бітіруші түлектерге түсіндіріп берді.
     Осы бағытта мектеп өз жұмысын одан әрі жалғастырады.