Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8-(7182)22-04-10
email: sosh20@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ак. Чокина к., 159/4
8-(7182)22-04-10
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 15.00-17.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Г.Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейіне бару.
06-03-2018 23:25
Г.Н. Потанин атындағы  Павлодар облыстық тарихи-өлкетану  музейіне бару.

    Бүгін №20 лицей-мектебінің 8 Б сыныбының оқушылары Г.Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейіне барды. Оқушылар шағын экскурсия өтті, яғни музейдің қашан ашылғаны жайлы ақпарат, музейде 70 мыңнан астам экспонаттар бар оның негізін археологиялық, палеонтологиялық, этнографиялық,нумизматикалық, фотосуреттік топтамалар және құжаттар жаратылыстану-ғылыми, өндірістік заттар мен қару-жарақт көрсетілген. Аса қызықтырған ол ежелгі тарихын баяндайтын палеонтология залы. Бұл жерде «Абылай ханның ордасы» ерекше назар аудартады. Абылайдың жорық шатырында XVIII ғасырдағы қазақ қоғамына белгілі қайраткерлер, қасиетті Баянауыл жерінде туған-дана Бұқар жырау, Олжабай батырмен қоса көрсетілген.Ұрпақтары музейге сыйға тартқан Малайсары батырдың сауыты одан өзге найза, айбалта, қылыш, садақ шоқпардан тұратын қазақтың дәстүрлі қару-жарақтары бірегей экспонаттар қатарына жатады. Сонымен қатар екі дүниежүзілік соғыс арасындағы дүрбелең кезеңді баяналды. Оқушылардың назарын аударған екі төңкерістен алатын, Алаш партиясының құрылуы, Азамат соғысы, ұжымдастыру, индустрияландыру, 30-жылдардағы қуғын-сүргін сұрапыл жылдарын фотосуреттер мен құжаттар қызығушылықпен танып, қарады.
    Көрме балалардың бойында ата-бабаларына деген құрмет сезімді және өзінің туып-өскен жеріне деген сүйіспеншілікті артты деп ойлаймыз. Негізінен музей ғылымның, білімнің, мәдениеттің қалыптасуына ықпал ететін ғылыми мекеме ретінде өскелең ұрпақтың тәрбиесіне, тарихи сананың қалыптасуына ықпал етеді.