Телефон доверия
8-(7182)22-04-10
email: sosh20@goo.edu.kz
Адрес: Ак. Чокина к., 159/4
8-(7182)22-04-10
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі 15.00-17.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
«Лицей ханшайымы – 2018»
09-03-2018 12:28
«Лицей ханшайымы – 2018»

    №20 лицей-мектебінде жыл сайын өтетін «Лицей ханшайымы – 2018» Халықаралық әйелдер күніне арналған сайысы өтті. Сайыс қыздардың таныстырумен басталды, қыздар таныстыруында өздері туралы, болашақтағы арманы, бос уақытында немен айналысатыны туралы бейнебаян арқылы көрерменге жеткізді. Қатысушылар үй жұмысын орындаудағы қабілеттерін көрсете білді. Павлодар қаласынан шыққан батырлар туралы өз қолдарымен альбом жасап əділқазы алқаларына ұсынды. Қатысушылардың сəнқойлары көрсеткен өз қолдарымен газеттен, пакеттен, үрлі-түсті қағаздардан жасаған әдемі көйлектері көрермендердің басты қызығушылығына айналды. Осы сайыстарға жеңіске жетемін деп келген қатысушылардың арасынан жеңімпазды анықтау қиын болды. Бірақ əділқазылар өз таңдауын жасады: «Лицей ханшайымы-2018» коронасына 11А сынып оқушысы Кабылкенова Асия ие болды. Коронаны кигізу мәртебесі 20 лицей-мектебінің түлегі «Нұр Отан» жастар құрамының басшысы Қаратай Бекзатқа ұсынылды.