Сенім телефоны
8-(7182)22-04-10
email: sosh20@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ак. Чокина к., 159/4
8-(7182)22-04-10
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 15.00-17.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Бұқар жырау атындағы облыстық әдебиет және өнер музейіне бару.
29-03-2018 21:51
Бұқар жырау атындағы облыстық әдебиет және өнер  музейіне бару.

    Бүгін №20 лицей-мектебінің 8 Б сыныбының оқушылары Бұқар жырау атындағы облыстық әдебиет және өнер музейіне барды. Музейдің қызметкерлер қонақтарды әрдайым қуана қарсы алып, қазақ тілдерінде шолу экскурсия мен тақырыптық лекция өткізді. Яғни оқушылар музейдің қашан ашылғаны жайлы ақпарат, музейде 47 мыңнан астам экспонаттар бар екенін білді. Музей қорына көптеген бағалы жәдігерлер жинақталған.
     Окушылар экскурсия барысында Мәшһүр Жүсіп Көпеев, Жүсіпбек Аймауытов, Иса Байзақов, Дихан Әбілев, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Зейін Шашкин, Қалижан Бекхожин, Әлкей Марғулан, қын - жазушылардың, Жаяу Муса,Шәкен Айманов, т.б. өнер адамдарының жеке заттары, жәдігерлері, қолжазбалары, баға жетпес құнды қазыналар көрді. Сонымен қатар Қадыр Тайшықов, Мұхтар Саматов, Жүсіпбек Аймауытов сияқты қуғын -сүргінге ұшыраған ақын-жазушылардың өмірлерінен соңғы деректер, бағалы құжаттар таныс болды.
    Көрме балалардың бойында ата-бабаларына деген құрмет сезімді және өзінің туып-өскен жеріне деген сүйіспеншілікті артты деп ойлаймыз. Негізінен музей ғылымның, білімнің, мәдениеттің қалыптасуына ықпал ететін ғылыми мекеме ретінде өскелең ұрпақтың тәрбиесіне, тарихи сананың қалыптасуына ықпал етеді.