Сенім телефоны
8-(7182)22-04-10
email: sosh20@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ак. Чокина к., 159/4
8-(7182)22-04-10
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 15.00-17.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Асқан шебер жасөспірім.
05-04-2018 15:01
Асқан шебер жасөспірім.

       № 20 лицей-мектебінің 8 б сынып оқушысы Нұрбол Қаратай, жуырда Санк-Петербургте өткен «Территория музыки - без границ» балалар мен жасөспірімдердің ұлттық шығармашылығы ІХ халықаралық конкурс-фестивалінен оралды.Конкурсты В.В.Андреев атындағы Мемлекеттік академиялық орыс оркестрі,Санкт-Петербург өнер институты,Н.А.Римский-Корсаков атындағы мемлекеттік консерваторияның ұлттық аспаптар кафедрасы,Санкт-Петербургтегі Е.А.Мравинский атындағы балалардың өнер мектебі,Ленинград облысының мәдениет бойынша комитеті ұйымдастырды.Нұрбол конкурстың жеке орындау, домбыра номинациясы бойынша І дәрежелі дипломмен марапатталды.Бұл оның бірінші жеңісі емес: күзде жасөспірім Республикалық «Звездный листопад»шығармашылық конкурсының Гран-приін иеленді.
    Жасөспірімнің қазақ халқының ұлттық мәдениеті мен дәстүрлі өнеріне қызығушылық бала кезінен оянды. Балалардың музыка мектебінде оқуы ,шағын ырғақтарды ойнауы,ыждаһаттылығы мен табандылығының арқасында домбырада күйлерді шебер ойнау шыңына жетті. «Маған ұнаған күйлер «Балбырауын», «Адай»күйлері.Осындай байқаулар өз ойнау шеберлігімді дамытуға, жетілдіруге көмегін тигізеді»,-дейді Нұрбол.