Сенім телефоны
8-(7182)22-04-10
email: sosh20@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ак. Чокина к., 159/4
8-(7182)22-04-10
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 15.00-17.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
№ 20 лицей- мектебіндегі «Қауіпсіз интернет»
15-05-2018 22:34
№ 20 лицей- мектебіндегі «Қауіпсіз интернет»

     Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің балалар құқығын қорғау Комитетінің бастамашылық жасауымен № 20 лицей-мектебінде 23 сәуір мен 8 мамыр аралығында «Қауіпсіз интернет» кампаниясы өтті. Онкүндіктің негізгі мақсаты–оқушылардың интернет-ресурстарды пайдалану мәдениетін арттыру, жасөспірімдердің интернет –белсенділігін бақылауда үлкендердің жауапкершілігін атап өту, қазіргі күнде агрессияшыл интернет-контенттің өзектілігі туралы ақпаратты оқушыларға, педагогтарға, ата-аналарға жеткізу.Акция аясында ,басқа да шаралармен қатар ата-аналарға «Интернетте балаларды қалай қауіпсіздендіру керек» жадынамасын тарату жоспарланған.
     Шараның бірінші күні дәрісшілер тобы 8-11 сынып оқушыларын онкүндіктің мақсат-міндеттерімен, шара жоспарымен таныстырды.Оқушылардың смартфон, компьютер алдында күніне қанша отыратыны туралы қойылған сұраққа берілген жауап та күтпеген болған жоқ.Бұл замануи қоғамда өзекті мәселеге айналды және кідіріссіз шешімді талап етеді. Интернеттегі қауіпсіздік туралы әңгімелер практикалық істермен бекітілді.Лицейшілер «Қауіпсіз интернет» плакаттар көрмесін өткізді, «Ата-аналар үшін жадынама» шығарды, «Желілік байланыстың этикеті» ақпараттық парақшалар таратты. Оқушылардың өздері шығарған слогандарын лицейшілер басшылыққа алады:
   Түсініксіз егер де,
   Қорқынышты,ұнамсыз.
   Үлкендерге тез асық,
   Айтып бер де,көрсет.