Кез келген мемлекеттің гүлденуінің кепілі оның зияткерлік ресурсы. Дарынды балалар –табиғаттың кемеңгер туындысы,шығармашылық дамуы алуан түрлі зор потенциалды-бұл ұлттық дәулет, олармен жұмыс істеуде бірінші кезекте зерттеу икем- дағдыларын қалыптастыратын өнімді оқыту тәсілдері қажет. №20 лицей-мектебі оқушылардың ғылыми-зерттеу әрекеттері сұрақтарын шешуді аса маңызды міндет етіп қояды.Ғылым күні аясында жыл сайын «Мәселе,іздену, шешім» ғылыми-практикалық конференциясы өткізіледі. Биылғы жылғы он төртінші ғылыми-практикалық конференция бес секциядан тұрды: «Биология,қоршаған ортаны сақтау», «Тарих, туризм, психология», «Қолданбалы математика, физика», «Қазақ филологиясының актуалды мәселелері», «Орыс және ағылшын филологиясының актуалды мәселелері» секциялары. Секциялардың төрағалары ИнЕУ оқытушылары болды: профессор Г.Е.Иманбаева, филология ғылымдарының кандидаты Ж.Б.Ыбраева, аға оқытушы Д.С.Айгумусова, М.М.Поух т.б. Ғылыми оқулар аяқталған соң конференцияның қорытындысы жасалып, оқушылардың жақсы баяндамалары анықталды. Ғалымдар оларға жоғары оқу орнындағы конференцияларға және оқушылардың ғылыми жобалар сайыстарына қатысуына ұсыныс жасады.Конференция жеңімпаздары оқушыларға үндеу жасады: « Біз, Ғылым күніне қатысушылар мен өзінің шығармашылық еңбегімен мектептің беделін арттыратындар,біз оқушыларды оқу мен зерттеу еңбегін қатар алып жүруге шақырамыз, есейе келе ғылымға, шығармашылыққа деген қызығушылықтарың еселене түссін,білім зияткерлі қоғамның орталығы болсын».