Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8-(7182) 22-04-10
email: sosh20@goo.edu.kz
Адрес: ул. Ак. Чокина, 159/4
8-(7182)22-04-10
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Среда: 15.00-17.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Павлодар облыстық көркемсурет мұражайына бару
08-06-2018 18:38
Павлодар облыстық көркемсурет мұражайына бару

   Бүгін №20 лицей-мектебінің «Балдаурен» бейінді лагерінің оқушылары Павлодар қаласының көркемсурет мұражайына барды. Оқушыларға шағын экскурсия өткізілді, яғни музейдің қашан ашылғаны жайлы ақпарат, музей қорында 5500 мыңнан астам экспонаттар бар екенін білді.
  Музей коллекциясында Павлодардың алдыңғы қатарлы кәсіби суретшілерінің С.И.Калмыков, А.М.Черкасский және т.б. картиналар жинақтамасымен таныс болды. Музейде көрсетілген, көркем-әдеби және музыкалық презентациялар, бейнелеу өнері тарихы бойынша видеофильм көрсетілімдері ерекше қызығушылық тудырды. Павлодар облыстық көркемсурет музейі өз коллекциясын кеңейтіп, дамуын жалғастырып келеді. Онда павлодарлық суретшілердің есептік және жеке көрмелері, фотокөрмелер, жастар жобасының көрмелері, балалар суреттерінің көрмесі, алдыңғы қатарлы музейлердің жинақтарынан алынған көшпелі көрмелер бар. Музей әріптестіктерінің ішінде тек Қазақстан музейлері мен галереялары ғана емес, сонымен қатар Омбы мен Новосібір музейлері, Британ Кеңесі, Гете Институты, Сорос-Алматы қазіргі заман өнер орталығы бар.
    Көрме балалардың бойында ата-бабаларына деген құрмет сезімін және өзінің туып-өскен жеріне деген сүйіспеншілігін артырды деп ойлаймыз. Негізінен музей ғылымның, білімнің, мәдениеттің қалыптасуына ықпал ететін ғылыми мекеме ретінде өскелең ұрпақтың тәрбиесіне, тарихи сананың қалыптасуына ықпал етеді.