Сенім телефоны
8-(7182)22-04-10
email: sosh20@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ак. Чокина к., 159/4
8-(7182)22-04-10
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 15.00-17.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Денсаулық фестивалі.
18-09-2018 19:45
Денсаулық фестивалі.

   Жуырда мектебімізде дәстүрлі Денсаулық фестивалі өтті. Аталған іс-шараның мақсаты – түрлі сауықтыру жұмысын ұйымдастыруға балаларды жұмылдыру арқылы салауатты өмір салтына ұмтылатын ұрпақ тәрбиелеу. Бұл күні оқушылар спорттың әртүрлі түрі бойынша жарысты, оның ішінде арқан тарту, орнынан және жүгіріп ұзындыққа секіру, граната лақтыру, секіртпемен секіру, турникте тартылу. Негізгі спорт түрлері бойынша жарыстан кейін 8-9 сынып оқушылары арасында «Көңілді ойындар» мен жүгіру, ал 10-11 сынып оқушылары арасында волейбол өтті.
   Соңында 10-11 сыныптардың құрама командасы лицей ұстаздарының құрама командасымен волейбол ойнады. Ойын 2:1 есебімен оқушылардың жеңуімен аяқталды.
   Фестиваль өте қанықты, қызықты және тиімді өтті. Балалар тек қана спортпен айналыспай, өзара достық қарым-қатынастары мен бірлікті нығайта түсті.