2018 жылдың 1 қарашасында дарынды және зерек жас зерттеушіні таңдау, қолдау мақсатында 8-11 сынып оқушыларының зияткерлік күш-қуатын қалыптастыруға ықпал ету үшін республикалық ғылыми жобалар байқауының қалалық кезеңі өтті.
Байқаудың нәтижесі бойынша № 20 лицей-мектебінің 8 қатысушысы жүлделі орындарға ие болды. ІІ дәрежелі дипломмен келесі оқушылар марапатталды: 10 Б сынып оқушысы А. Бақдаулет (ғылыми жетекшісі Б.М. Шажанканова), 11 К сынып оқушысы Б.Алимхан (ғылыми жетекшісі Е.Т.Марзатаев), 11 К сынып оқушысы И.Сериков (ғылыми жетекшісі М.С.Шоманова). ІІІ дәрежелі дипломмен келесі оқушылар марапатталды: 11 К сынып оқушысы Г.Сапаралина (ғылыми жетекшісі Г.Т.Топанова), 11 К сынып оқушысы А. Жұмабек (ғылыми жетекшісі М.Р.Смакова), 9 А сынып оқушысы А.Мұстафина (ғылыми жетекшісі Р.Т.Сулейман), 11 А сынып оқушысы О.Галкин (ғылыми жетекшісі Г.М.Аубакирова), 11 А сынып оқушысы Д.Костанай (ғылыми жетекшісі Г.М.Аубакирова).
Қалалық кезеңнің жеңімпаздары республикалық ғылыми жобалар байқауының облыстық кезеңіне қатысады.
8-11 сыныптар арасында өткен Республикалық ғылыми жобалар байқауының қалалық кезеңінің нәтижесі