“The head of the government way” intellectual quiz
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес 2018 жылғы 29 қараша күні «Павлодар қаласының № 20 лицей-мектебі» ММ 9 сынып оқушылары арасында «Мемлекет басшысының жолы» атты викторинасы өтті. Оқушылар «Тұлпар» және «Үркер» екі командаларына бөлінді. Викторина 7 тапсырмадан тұрды. Ең алдымен, оқушыларға Тұңғыш Президент Н.Ә. Назарбаевтың өмірі жайлы бейнеролик көрсетілді. Бейнероликтен кейін командалар тапсырмаларды орындауға кірісті. Тапсырмалар түрлі деңгейдегі сұрақтардан тұрды. Викторина соңында оқушылар өз тілектерін ақ қағазды көгершіндерге жазып, кемпірқосаққа жапсырды. Викторина қорытындысы бойынша «Үркер» командасы 1 орынға ие болды.