Павлодар қаласының командасы үздік атанды. Облыстық пән олимпиадасына 65 оқушы қатысып, өз білімдерін 15 пән бойынша сынады. Қалалық білім беру бөлімі облыстық олимпиада қорытындысы бойынша павлодарлық оқушылар мұндай жоғары жетістіктерге бұрын-сонды жетпегендіктерін атап өтті. Павлодар мектептерінің оқушылары 47 жүлделі орын алды: 10 - бірінші, 10 - екінші және 27-үшінші орын.Бұл өткен жылдармен салыстырғанда рекордтық көрсеткіш.
Павлодар қаласының оқушылары химия, география, информатика, Қазақстан тарихы, құқық негіздері, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс, ағылшын, неміс, француз тілдерінен жоғары білім деңгейлерін көрсетті. Қала командасы тағы бір мәрте үздік болып танылды. Бұл оқушылардың ғана емес, оларды дайындаған мұғалімдердің де үлкен жеңісі екенін Павлодар Дарыны орталығының басшысы Азамат Шаймұрат атап кетті.