Бүгін №20 лицей-мектебінде педагог-психолог «Мейрімділік – асыл қасиет» атты тренинг-сабақ өткізді. Оқушылар арасындағы қарым-қатынасты нығайту, жағымсыз көңіл-күйден арылту, күш-қуат жинау, өзін-өзі тану, құрметтеу, жақсылық жасай білу, жақсы іс-әрекеттер жасау іскерліктерін дамыту. Мейірімді, қайырымды, қамқоршы болуға тәрбиелеу.Оқушыларға көңілдің тазалығы арқылы риясыз сүйіспеншіліктің мәнін ұғындыру. Тренинг-сабақ сәлемдесуден басталды. Мейірімділік, жақсылық жайлы бейнефильмдер көрсетіліп, оның мағынасы бойынша талдау жасалды. Сонымен қатар «Аяқталмаған сөйлем...» атты жаттығу орындалды. Яғни, оқушылар ақ кағазға «Мен армандаймын...», «Мен сенемін...», «Мен ұмтыламын...» деген сөйлемдерді аяқтап, әрқайсысы кезекпен оқыды. Сабақтың соңында «Күн шуағының» суретін салып, бір-біріне, сыныптастарына, барша адамзатқа тілектер жазды. Оқушылар тілектерді мектебіне, ұстаздарына, сыныптас достарына арнады. Барлық тілектер шын жүректен, таза ниетпен жазылған. Жалпы тренинг қызықты әрі көңілді өтті, оқушылар белсенді қатысып, жақсы сезімге бөленді.
«Мейірімділік – асыл қасиет» тренинг – сабақ