Сенім телефоны
8-(7182)22-04-10
email: sosh20@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ак. Чокина к., 159/4
8-(7182)22-04-10
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 15.00-17.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Жақсылық– адамның жүрегін жылытатын күн» сабағы.
20-02-2019 10:41
«Жақсылық– адамның жүрегін жылытатын күн» сабағы.

   Бүгін №20 лицей-мектебінде «Жақсылық – адамның жүрегін жылытатын күн» атты сабақ өткізді.

   Сабақтың мақсаты: оқушылардың мейірімділік, жақсы қылықтары туралы түсініктерін қалыптастыру, рухани-адамгершілік қасиеттерін дамыту, қоршаған ортаға деген сыйластықты тәрбиелеу. Оқушыларға "Жақсылық бумерангі" бейнеролигі көрсетілді және мейрімділік жайлы әңгіме тыңдатылды. Топпен  жұмыс орындай отырып, «Жарқын істер күні» шығармашылық тапсырма жасалды, оқушылар алақандарын қағазбен  безендіріп, өздерінің ізгі істері туралы жазды.

  Сабақ соңында оқушылар бір-бірімен мейірімділік белгісі  болатын жүрекшелермен  бөлісті. Сабақ қызықты және көңілді өтті, оқушылар сергектік қуатын алды.