Сенім телефоны
8-(7182)22-04-10
email: sosh20@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ак. Чокина к., 159/4
8-(7182)22-04-10
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 15.00-17.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Лицей ханшайымы - 2019» ,байқауы
06-03-2019 13:12
«Лицей ханшайымы - 2019» ,байқауы
   Бүгін № 20лицей-мектебінде жыл сайынғы  «Лицей ханшайымы - 2019» байқауына сегіз сыныптан   үміткерлер қатысты. Көркем шоуғы қатысушылар сахнадан өздерінің өнерлерін, тапқырлықтарын, интеллектуалдық  қабілеттерін, жасампаздықтары мен сұлулықтарын жарқын көрсете білді. Конкурсанттарды ата-аналары, сынып жетекшілері,достары мен сыныптастары белсенді қолдап отырды.
   Конкурс 3 турдан тұрды: визит карточкасы, интеллектуалдық тур, аспаздық өнерлері.
      Қатысушылар үшін үй тапсырмасы визит карточкасын дайындау болды. Қыздар бейнеролик арқылы өздері туралы айтты.
    Аспаздық өнер көрсетуде 11 сынып оқушысы Ботагөз Әлімханға тең келетін ешкім болмады. Алқа мүшелері оның өнерін жоғары бағалады.
      Интеллектуалдық турда қатысушылар атақты қазақ қайраткерлері туралы, қазақ халқының тұрмысы мен мәдениеті туралы білімдерін көрсетті.
   Барлық үміткерлер  өздерін жоғары деңгейде көрсете білді,бірақ 11сынып оқушысы Ботагөз Әлімхан басым түсіп жеңімпаз атанды.Ботагөз бірнеше облыстық, қалалық олимпиадалардың, жобалардың, интеллектуалдық және шығармашылық байқаулардың жеңімпазы.Құттықтаймыз!